Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қаржы полциясы Астана қаласының ветеринариялық бақылау және қадағалау басқармасының жетекшісін құрықтады

AstanaTV
18.03.2014ж. 20:00
625
Қаржы полциясы Астана қаласының ветеринариялық бақылау және қадағалау басқармасының жетекшісін құрықтады

Қаржы полциясы Астана қаласының ветеринариялық бақылау және қадағалау басқармасының жетекшісін құрықтады. Қазіргі таңда Нығмат Жақыпбаевқа қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Белгілі болғандай, күдікті 2012 жылы Шығыс Қазақстан облысы ауылдарында үш ветеринарлық лаборатория құрылысы тәмамдалған деген жалған актілерге қол қойған. Мемлекетке келген зардап мөлшері 83 миллион теңге.

Ал отандық ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков қоластындағы жетекшінің ұсталғанынан бейхабар. Десе де, министр ведомстводағы жемқорлық фактілері былтырғыдан азайғанын айтып ақталды.


Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:


Бұл жағдайда мен ашқандай комментарий жасамаймын. Оны біз тек бүгін ғана естіп отырмыз, сіздер сияқты. Бірақ жалпы айтқанда, осы коррупциямен қарсы күрес бойынша көрсеткіштер бізде оң үрдіс алуда. Мен нақты цифрлар айта аламын, егер он бірінші жылы біздің қызметкерлерге қарсы қозғалған қылмыстық істердің саны 45 болса, он екінші жылы - 37, он үшінші жылы - жиырма.


Жұрағат БАМАН