Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ресей Қырым мен Севастопольді федерация субъектісі ретінде қабылдады

AstanaTV
18.03.2014ж. 20:00
1136
Ресей Қырым мен Севастопольді федерация субъектісі ретінде қабылдады

Ресей Қырым мен Севастопольді Федерация субъектісі ретінде қабылдады. Бүгін Мәскеуде Федеральды жиында сөз сөйлеген президент Путин Қырым түбегін Украина меншігіне өткізу туралы 1954 жылғы Хрущевтің шешімі Конституция талаптарына қайшы, көңілжықпастық пен іске асқан қателік деп мәлімдеді.

Владимир Путин, РФ президенті:

Не верьте тем, кто пугает вас Россией, кричит о том, что за Крымом последуют другие регионы. Мы не хотим раздела Украины. Нам этого не нужно. Что касается Крыма, то он был и останется и русским, и украинским, и крымско-татарским.

Ал бұл уақытта батыс Ресейді G8 құрамынан шығаруға кірісті. Бүгін Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус "Үлкен сегіздіктің" ендігі жиыны Ресейсіз өтетінін жеткізді. Ресми Париж Мәскеумен "Мистраль" тікұшақ тасығышы туралы келісім-шартты бұзды.

Бұған дейін Еуропалық Одақ, АҚШ, Жапония және Канада Ресей мен украиналық шенеуніктердің қара тізімін жариялаған. Тізімдегі тұлғаларға аталған елдерге аттап басуға тиым салынды. Сондай-ақ, батыстағы активтері бұғатталады. Алайда тізімдегі "дөкейлерді" бұл қадам аса алаңдатып отырған жоқ. Былтыр көктемде Ресей өз азаматтарына шет елден есепшот ашуға тиым салған.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ