$479.05 €534.57 ₽5.17
×

«Екатеринбург-Алматы» автожолының уақытша жабылуы жолаушыларға қиындық туғызуда

AstanaTV
04.04.2014ж. 20:00
1089
«Екатеринбург-Алматы» автожолының уақытша жабылуы жолаушыларға қиындық туғызуда

Жол азабын жүрген біледі. «Екатеринбург-Алматы» автожолының уақытша жабылуы жолаушыларды әбігерге салды. Салдарынан Қарағанды мен Астана таксисттері жолаушыларды орта жолда бөлісіп тасып жатыр. 

Мен Астанадан келе жатқан жолаушымын. Анар станциясына жақындап қалған жерден халық 1,5 километр жаяу жүріп бір мәшинеден, бір мәшинеге ауысып жүрміз. Баламен шулап жүрген адамдар. Мына жерден өткенде шекарадан өткендей боламыз.

Автожолдың жабылуын көлік және коммуникациялар министрлігі Екатеринбург-Алматы жолындағы көпірдің апаттық жағдайына байланысты деп мәлімдеуде. Олар аталмыш бағыттағы қозғалысты 7 сәуірге дейін қалыпына келтіретіндігін жеткізді.

Амангелді Беков, ҚР ККМ автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары:

31 наурыз түні судың тез көтерілуіне байланысты, айналма жолды су шайып кетті. Сондықтан біз арнайы мамандармен келісіп көліктерді Киевкамен жіберу жөнінде шешімге келдік. Қазір судың деңгейі қайтты. Жаңағы айналма жолды біз қалпына келтіріп жатырмыз. Дүйсенбіден бастап осы айналма жолмен жүргізетін боламыз.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ