Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Оралда №16 мектептің 3-ші сыныбының оқушыларына бір жыныстылардың қатынастары жайлы ертегі оқылып келген

AstanaTV
19.03.2014ж. 20:00
1138
Оралда №16 мектептің 3-ші сыныбының оқушыларына бір жыныстылардың қатынастары жайлы ертегі оқылып келген

Оралда дау шықты. Қаладағы №16 мектептің 3-ші сыныбының оқушыларына бір жыныстылардың қатынастары жайлы ертегі оқылып келген. Мектептегі бұл жайды ата-аналар қауымы байқап, дабыл қақты.

Белгілі болғандай, бұл ертегіні оқуға қалалық білім бөлімінің өзі кеңес беріпті. Сионелла Петрова деген автордың «Ханшайым, ханзада және рыцарь» ертегісі қосымша оқулық ретінде ұсынылған. Оқытуға 3 сағат беріліпті. Алайда күдікті кітаппен алдымен ата-аналар танысады. Оқиғаның желісін көргенде, жағаларын ұстаған. Патша мен патшайым қыздары Ханшайымға жар болар азамат іздейді. Оның жүрегін жаулауға ұмтылғандардың қатарында Ханзада мен Рыцарь да болады. Екеуі әу-бастан бәсекелес. Алайда оқиға соңында бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығын түсінеді.

Бұл ертегі облыстық прокурорлардың да назарын аударды. Осы мәселеге қатысты бүгін білім басқармасының өкілдерімен жиын өтті. №16 мектептің директоры орын алған жағдайға қатысты былай дейді.


Василий Каренских, Орал қаласындағы №16 орта мектептің директоры:


Онда рыцарь мен ханзада арасындағы достық қарым-қатынас айтылған. Бастапқыда бәсекелес болған екеуі ақыры достасып, бір сарайда тұра бастайды. Енді қалай тұрғандары жайлы нақты ештеңе айтылмаған. Біз бұл оқулықты өзіміз тапқан жоқпыз. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес сайт арқылы жіберілді. Оны қалалық білім бөлімінің методистері ұсынды. Біздіңше, бұл әдебиет дұрыс таңдалмаған. Мұғалімдердің де қателігі жоқ емес.


Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ