Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Петропавлда травматикалық тапаншадан жарақат алған жігіт қайтыс болды

AstanaTV
19.03.2014ж. 20:00
956
Петропавлда травматикалық тапаншадан жарақат алған жігіт қайтыс болды

Петропавлда травматикалық тапаншадан жарақат алған жігіт қайтыс болды. Бұл жайында ішкі істер департаменті хабарлады. Оқыс оқиға 17 наурызда түнгі клубтың қасында болған. Көңіл көтеру орталығында демалуға келген жігіттер іште өзара жанжалдасып қалған. Қаланың 26 жасар тұрғыны травматикалық тапаншадан қарсы тарапқа оқ жаудырған. Салдарынан 1 адам сол жерде тіл тартпастан кетті, тағы екеуі ауыр жарақат алып, қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дүдаразды ұйымдастырған күдікті бірден ізін суытып үлгерді. Әзірге полицейлер оған іздеу салды. Куәгерлердің айтуынша, оның үстінде қара түсті сырт киім мен тоқылған бас киім болған.


Динара Сағындықова, Солтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз хатшысы:


Резеңке оқ жәбірленушінің басына кіріп кеткен, салдарынан ол сол жерде көз жұмды. Полицейлер бірден оның сыбайласын қолға түсірді. Осы оқиғаға қатысты Қылмыстық Кодекстің 96-бабына сәйкес іс қозғалды. Қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.


Абзал ҚҰРМАНКИН