Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақтөбедегі өлкетану мұражайында «Отырарда ойлылардың ізі қалған» атаулы көрме ашылды

AstanaTV
01.04.2014ж. 13:00
1755
Ақтөбедегі өлкетану мұражайында «Отырарда ойлылардың ізі қалған» атаулы көрме ашылды

«Отырарда ойлылардың ізі қалған». Ақтөбедегі өлкетану мұражайында осындай атаумен көрме ашылды. Көне шаһардың орнында табылған жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. 8-ші ғасырдан басталатын тарихи құнды дүниелер сол заманның мәдениеті мен өркениеті жайлы мәлімет береді.

Алтын мен күмістен жасалған тиындар, түрлі құмыра үлгілері мен монша еденінің бір бөлігі Отырарды өз заманында ауқатты адамдар мекен еткенін айғақтап тұрғандай, тіпті сол заманда орнатылған кәріз су құбырлары қаланың жанға жайлы шахар болғандығын дәлелдеп отыр. Түрлі қолөнер шеберлерінің жұмыстары мен ескінің көзі көптің қызығушылығын арттырды.

Айбек Елтеміров, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының аға ғылыми қызметкері:

Жоғары дәрежеде дамыған ұлы қалалардың бірі деп айтуымызға болады. Жәдігерлерден осыны байқауымызға болады. Отырар қаласының негізгі басты ерекшелігі осы. Өте
құнды қала болды.

Мансұр ЕСҚОЖИН