$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы маңындағы тауларда құрғақ шөп өртенді

AstanaTV
31.03.2014ж. 20:00
1371
Алматы маңындағы тауларда құрғақ шөп өртенді

Алматы маңындағы тауларда құрғақ шөп өртенді. Жалынның ошағы Алматы облысы Қарасай ауданы Ерменсай елді мекенінен шыққан. Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт түстен кейін басталған.

Қызыл жалын 20 гектардан аса аумақты шарпыды. Өрт ошағы биікте болғандықтан, төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмысына едәуір кедергі келді. Тілсіз жауды ауыздықтауда қалалық және облыстық төтенше жағдай департаментінің 13 арнайы техникасы мен 50-ден аса маманы жұмылдырылған.

Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Қолда бар ақпараттарға сенсек, зардап шеккендер жоқ.


Досжан МАРАТҰЛЫ