Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

«Астана EXPO-2017» компаниясы басшысы көрме ауданында тұрғызылатын үйлер халыққа қол жетімді болады деген ойда

AstanaTV
01.04.2014ж. 10:00
1321
«Астана EXPO-2017» компаниясы басшысы көрме ауданында тұрғызылатын үйлер халыққа қол жетімді болады деген ойда

«EXPO» қалашығында салынатын тұрғын үйдің шаршы метрі шамамен 1,5 мың доллардан бастап сатылады. Бұл туралы «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді.

Қалашықтың іргесі әлі қаланбағандықтан, нақты мәліметтер жоқ. Дегенмен, Талғат Ермегияевтың ойынша, көрме ауданындағы тұрғын үй халыққа қол жетімді болады.

Талғат Ермегияев, «Астана
EXPO-2017» ҰК АҚ Басқарма төрағасы:

Жай эконом-класс менің ойымша, 1,5 мың доллар болады. Үлкен технологияларды қолданып салынса, ол 2 мың доллардан асуы да мүмкін. Бұл арнайы жоспармен салынып жатқан тұрғын үй емес, Үкіметтің ақшасы емес. Инвесторлар тартып, бағаны олар өздері қояды.

Талғат Ермегияевтің болжамынша, қалашық бой көтеруі тиіс 170 гектар жерге кемінде 1 миллиард АҚШ долларына тең инвестиция қажет. Жоспарға сәйкес, жалпы құрылыс жұмыстарының 30%-зын шетел инвесторлары атқармақ. Ал нысанды салу барысында шамамен 20 мың адам жұмыспен қамтылады. Көрмеге бас-аяғы қанша қаражат жұмсалатыны, нақты пайда мөлшері әлі белгісіз. Дегенмен, «Астана EXPO-2017» компаниясының басшысы жұмсалған қаражат ақталады деген ойда.

Еске салайық, бұған дейін EXPO көрмесіне орай мыңдаған шаршы метр тұрғын үй, темір жол вокзалы, екі автовокзал, көмкерілген көше, өзге де ғимараттар салынатыны мәлім болған. Құрылыс жұмыстары әлі басталған жоқ.

Сымбат МОЛДАТАЙ