Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Өзбекстанда лай көшкіні жүріп, 5 адам қаза тапты

AstanaTV
05.05.2016ж. 20:00
1642
Өзбекстанда лай көшкіні жүріп, 5 адам қаза тапты

Өзбекстанда лай көшкіні жүріп, 5 адам ажал құшты. Табиғи апат елдің шығысындағы таулы-қыратты аймақ Камчик ауылы маңында орын алған. Жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, лай көшкінінің аумағы 13 мың текше метрден асады. 


Табиғат апатынан Ташкент-Ош тас жолы бүлінген, онда кетіп бара жатқан екі көлікті лай басып қалды. Қаза тапқан 5 адам сондағы жолаушылар көрінеді. Тағы 6 адам қауіпсіз аймаққа қашып үлгерді деген ақпар бар. Марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетілуі тиіс.

Жалпы Ташкент-Ош тас жолы өте қауіпті аймақтардың қатарында. Көшкін қаупінен мұнда  жолдар да жиі жабылып тұрады екен. Айта кетейік, лай көшкіні өткен аптада Қырғызстанда да болды, ол кезде 16 жасар бозбала қаза тапқан еді.

Құралай ПИОНЕР