Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Қарағанды облысында үй жануарлары қырылып жатыр

AstanaTV
05.05.2016ж. 20:00
1684
Қарағанды облысында үй жануарлары қырылып жатыр

Қарағанды облысында да үй жануарлары жаппай қырылып жатыр. Алдын ала болжам бойынша, олар пастереллез ауруына шалдыққан. Эпидемияның қайнар көзі облыс орталығынан 300 шақырымдай жердегі Бақты ауылында байқалып отыр. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, 145 бас ірі қара мен 80 бас қозы-лақ өлді.  Мына бейнетүсірілімді біздің тілшілерімізге Бақты ауылының шаруалары жіберген. Малдағы ауру белгілері ұқсас. Ауызынан ақ көбік ағып, терісі бүлінеді. Дертке шалдыққан төрт түліктің қанын дәрігерлер сараптамаға жіберген, пастерелез ауруы расталды деп отыр. Бұл инфекциялық дерт негізінен ірі қара малға жұғады, адамдар үшін қауіпсіз көрінеді. Үй жануарларының өлім-жітімі осыдан екі апта бұрын басталды. Ауру көбінесе иммунитеті қалыптаспаған жас малға жұғатын көрінеді. Дерттің тез тарайтыны сонша, қара малдың кейбірі үйге жетпестен, қырда құлаған.

Міне осы 10 күннің ішінде менің өзімнің 11 бас бұзау, 3 бас сиыр өлді. Ауданның, облыстың дәрігерлері келіп  бүкіл ауылдың малын екті, бір вакцинамен. Немене вакцина екенін білмейміз, атын айтқан жоқ бізге. Соған өкініп тұрмыз, босқа еккізген екенбіз.

Қазір ауданда 5 ветеринарлық топ жұмыс істеуде. Олар ауруды жұқтырған малды емдеумен қатар, сау малға да екпе жасауда. Ал өлген малдар өртеліп жатыр. Ветеринарлық дәрігерлердің пайымдауынша, арам ет сауда сөрелеріне қойылмайды. Қазір мамандар эпидемияның себебін анықтау үстінде. Олар осы аптаның соңына дейін дертке шалдыққан ірі қараның санын азайтуға тырысып бағатынын айтады. Бүгінде 611 ірі және ұсақ мал ауру жұқтырған. Айыққан соң, оларды сою керек, дейді құзырлы орган өкілдері.


Қайырбек Тұрсынбеков, Қарағанды облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы:


Ет өңдеу кәсіпорындары шаруаларға мал құнының 50 пайызын төлейді, қалған бөлігін мемлекет өтейді. Өтемақы тұрғындарға берілу керек.

Абзал ҚҰРМАНКИН