Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қырғызстаннан картоп әкеліп саудалауға уақытша тиым салынды

AstanaTV
05.05.2016ж. 20:00
1328
Қырғызстаннан картоп әкеліп саудалауға уақытша тиым салынды

Қырғыз кортоптарынан табылған құрт, адам ағзасына әсер етпегенімен, жерді зақымдайды. Бұл жөнінде БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде көкөніс өндірушілер одағының басшысы Қайрат Бисетаев айтты. Елімізге Қырғызстаннан картоп әкеліп, саудалауға уақытша тыйым салынғаны белгілі. Бұған отандық нарықта сатылған өнімнен қатерлі аурудың анықталғаны себеп болды. Қайрат Бисетаевтың айтуынша, мемлекеттік инспекция өкілдері сараптама жүргізген. Тексеру барысында картоптың қауіпті дертке шалдыққан 79 жағдайы анықталды. Жыл басынан бері көрші мемлекетке 1 мың тоннадан астам уланған өнім қайтарылған. Бұл аурудың адам ағзасына әсері жоқ. Дегенмен,ауыл шаруашылығы өндірушілеріне зардабы орасан екендігін одақ басшысы жасырмады. Құрт өсімдік түйнегіне жабысып, тұқым себетін топырақты зақымдайды. Сөйтіп, түсімнің 90 пайызын бүлдіруі мүмкін. Бисетаев мырзаның сөзіне сенсек, халықтың картопқа деген сұранысын өтеуге Қазақстанның мүмкіндігі жетеді. Отандық өнімнің сапасы жоғары. Соңғы жылдары шаруалар оны дұрыс сақтауды да үйренген. Нәтижесінде дүкен сөрелерінен отандық өнім жазға дейін үзілмейді.

Қайрат Бисетаев, Қазақстанның картоп және көкөніс өндірушілері одағының басшысы:

Біз ауруға шалдыққан қырғыз картобы тұқымға пайдаланыла ма деп қауіптенеміз. Бұл алқаптарға қауіп төндіреді. Одаққа еліміздегі 30 шаруашылық мүше. Олар бүгінде картоп, сәбіз, қырыққабат, қызылша сынды дақылдарды өсіреді. Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының аумағындағы қожалықтар. Осылайша бұл ахуал бәріне үлкен қатер төндіріп тұр.