$498.34 €519.72 ₽4.85
×

ККМ-нің Азаматтық авиация комитеті SCAT әуе компаниясында тексеріс жүргізуді бастады

AstanaTV
08.04.2014ж. 13:00
1250
ККМ-нің Азаматтық авиация комитеті SCAT әуе компаниясында тексеріс жүргізуді бастады

SCAT әуе компаниясы әуе кемелеріне қатысты дау-жанжалға байланысты тексерістен өтеді. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, тексеріс басталып кетті. Соның нәтижесінде апаттар себептері анықталмақ. Тексеріс барысында әуе компаниясының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі де басты назарға алынады.

Еске салайық, кеше SCAT ауе компаниясының Шымкенттен шыққан «Боинг-737» ұшағы Астана әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды. Әуежайдың баспасөз қызметі бұл оқиға алдыңғы шассидегі ақаудың салдарынан болғанын хабарлады.

Төтенше жағдайға байланысты әуежайға жеті өрт сөндіру техникасы мен бес «Жедел жәрдем» көлігі жөнелтілген. Ұшақ бортында экипаждың бес мүшесі мен 89 жолаушы болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Сымбат МОЛДАТАЙ