$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ел тұтастығына қауіп төндіргендер он жылдан он бес жылға дейін сотталады

AstanaTV
09.04.2014ж. 20:00
1518
Ел тұтастығына қауіп төндіргендер он жылдан он бес жылға дейін сотталады

Бұдан былай ел тұтастығына қауіп төндіргендер он жылдан он бес жылға дейін сотталады. Мәжіліс депуттарының ұсынысымен Қылмыстық кодекске осындай өзгеріс енгізілетін болды. Бұған әлемдегі соңғы геосаяси оқиғалар түрткі болған.

Өзгеріс Қылмыстық кодекс туралы заңның 180 және 181-баптарын қамтиды. Онда аумақ тұтастығын бұзуға үгіттеу, оған қоғамды үндеу, ақпарат құралдары немесе ғаламтор арқылы насихат жүргізгендер жеті жылға дейін сотталады делінген. Сондай-ақ заңда қаралғандай, сепаратистер "референдум өткізу, автономия құру" секілді нақты әрекеттерге барса, 15 жылға дейін темір торға жабылады. Ал осы мақсатта қолына қару алса, 20 жылға дейін жаза кесілмек.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Біз мәңгілік ел боламыз десек, біз мәңгілік мемлекет боламыз десек, әрине, біздің ауызбірлігіміз өте қажет дүние. Ең басты байлықтың бірі деп ойлаймыз. Сондықтан депутаттардың шешімі осылай болды.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ