$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қашаған кен орны екі жылға жабылуы ықтимал

AstanaTV
09.04.2014ж. 20:00
964
Қашаған кен орны екі жылға жабылуы ықтимал

Қашаған кен орны екі жылға жабылуы ықтимал. Бұл жөнінде американдық Quartz порталы ақпар таратты. Мақала авторы мұның себебін улы газдарға төтеп беретін арнайы құбырдың дайындалып жатқанымен байланыстырады. Сондай-ақ ол жобаға барынша жақын дереккөзіне сілтеме жасайды.

Әңгіме ұзындығы 88 шақырымға созылатын екі құбыр жайлы болып отыр. Яғни оларды тағы да алмастыру тек Қазақстанды ғана емес, Exxon Mobil, Shell, Eni және Total компанияларын да миллиардтаған шығынға батырмақ. Сарапшылар Қашағандағы мұнай қорын 13 миллиард баррель деп бағалаған.

Еске салайық, Қашаған жобасы 2005 жылы іске қосылуы тиіс еді. Алайда алғашқы жұмыс тек 2013-тің қыркүйегінде басталды. Ал бір айдан соң құбырдағы ақауға байланысты жұмыс тоқтады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ