$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Алматыда жол жөндейтін мердігерлерге деген талап пен тәртіп күшейтілмек

AstanaTV
09.04.2014ж. 20:00
2070
Алматыда жол жөндейтін мердігерлерге деген талап пен тәртіп күшейтілмек

Апатты жағдайдағы жолдар Алматы тұрғындарын мезі қылды. Бүгін қаладағы тас жолдарды тексерген шахар билігі көптеген заң бұзушылыққа тап болды. Сапасы сын көтермейтін, тоз-тозы шыққан жолдардың құрылысына жауапты мердігер компания басшылары шенеуніктерден қатаң ескерту алды. 

-Нет, нас не интересует сейчас. Нас интересует, почему вот такое безобразие случилось?! -Нам надо здесь раскапывать и... -Нет! Подожди. Что за отношение к работе? В центре города. Асфальт провалился. Что попало накидали.

Жұмысына селқос қараған мердігер компанияларға жолдағы шұңқырларды жамап, жөндеуге сәуірдің 21-не дейін уақыт берілді. Егер бұл мерзім ішінде жұмыс дұрыс атқарылмаса, компаниялар лицензиясынан айырылмақ. Қалада жалпы ұзындығы 2 мың шақырымнан асатын 350-дей көше бар. Соның 200-ге жуығын биыл жөндеуден өткізу жоспарланған.

Жаңартылған жолдың сапасын тексеріп, жұмысын қадағалап отыратын арнайы комиссия да құрылыпты. Алматы әкімінің орынбасары Болат Сауранбаевтың айтуынша, жол жөндейтін мердігерлерге деген талап пен тәртіп күшейтілмек.

Болат Сауранбаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

Білмейтін мердігерлерді енді міндетті түрде тәртіпке шақырамыз. Айыппұл ретінде, лицензиясын алу мәселесінде. Сосын халық білу керек. Кімнің қалай жасап жатқанын. Ешкімді аямаймыз. Былтыр айтқанбыз - жайбарақат отыратын жағдай жоқ. Халықты ойлау керек, оның үстіне автокөліктер де көп. Жолдың мәселесі - өте күрделі мәселе. Сондықтан оған қатаң қараймыз.

Досжан МАРАТҰЛЫ