Қорғаныс министрінің жаңа орынбасары
тағайындалды. Қазақстан Республикасы
Президентінің өкімімен бұл қызметке Талғат Мұхтаров тағайындалды, - деп, Ақ
орданың баспасөз қызметі хабарлады.
Генерал-майор бұған дейін
министрліктің Кадрлар департаментінің бастығы қызметін атқарған. Талғат Мұхтаров бұрынғы вице-министр Бағдат Майкеевтің
орнына келіп отыр.
Айта кетейік, Қорғаныс министрінің
бұрынғы орынбасары ақпан айында ірі көлемде пара алу дерегі бойынша айыпталып,
қамауға алынды. Ал жуырда министрлікке жаңа
басшы келгені мәлім. Ол бұрынғы Премьер-министр Серік Ахметов.
Сымбат МОЛДАТАЙ