$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Астанада Космонавтика күніне орай тұңғыш қазақ ғарышкерімен кездесу өтті

AstanaTV
10.04.2014ж. 13:00
1586
Астанада Космонавтика күніне орай тұңғыш қазақ ғарышкерімен кездесу өтті

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров Ақмола облысы Ішкі істер департаменті оқу орталығының тыңдаушыларын өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге және адал болуға шақырды.

Ғарышкелер күніне орай ұйымдастырылған тәрбиелік маңызы бар кездесуде ғарышкер өз халқын шексіз жақсы көретінін және оның бақытты болғанын қалайтынын айтты. Сонымен қатар, Тоқтар Әубәкіров жастарға ақиқаттың маңыздылығын түсіндірді.

Тоқтар Әубәкіров, Қазақтың тұңғыш ғарышкері:

Ақиқатыңды айтып жүрсең, шындықты айтқан сөзіңді біреуге айт немесе оныншыға айт, сен өз шындығыңды айтасың. Өмірі жанып кетпейсің бір жерде. Сонымен, ылғи шындықпен жүру керек.