$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Құқықтық органдардың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әзірлігін тексеру бойынша республикалық оқу-жаттығу шаралары өтті

AstanaTV
10.04.2014ж. 20:00
948
Құқықтық органдардың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әзірлігін тексеру бойынша республикалық оқу-жаттығу шаралары өтті

"Бүгін құқықтық органдардың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әзірлігін тексеру бойынша республикалық оқу жаттығу шаралары өтті", - деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметі. Оны Президенттің көмекшісі, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаров басқарды.

Шараға ішкі істер органдарымен қатар ішкі әскер құрылымдары, өрт сөндіру қызметі мен төтенше жағдай саласына қарасты өзге де бөлімдер тартылды. Кез келген дағдарысты жағдайға күштік құрылымдардың дайындығы мен техникалық мүмкіндігі тексерілді. Оқу-жаттығу жиынының барысын Премьер-министр Кәрім Мәсімов бақылады.