$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Теміртаудың «Арыстан» хоккей клубы Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін ұтып алды

AstanaTV
11.04.2014ж. 20:00
1003
Теміртаудың «Арыстан» хоккей клубы Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін ұтып алды

Теміртау қаласының «Арыстан» хоккей клубы Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін ұтып алды. Бұл сында Атырау қаласының «Бейбарыс» командасымен 5 кездесу өткізген Вячеслав Беланның шәкірттері 3-2 есебімен жеңіске жетті. Толығырақ келесі бейнематериалда. 

«Арыстан» және «Бейбарыс» командаларының арасындағы 5-кездесу Астана қаласында өтті. Кездесу басынан Атыраулық клуб қақпасына тап берген «Арыстан» хоккейшілері есеп ашты. Шайбаның авторы Лукаш Мартинка.

Үзілістен кейін алма-кезек шабуылға шыққан командалар бір біріне дес бермеді. Осындай сәттің бірінде номиналды алаң иелері саналған «Бейбарыс» клубы Павел Акользиннің көмегімен есепті теңестірді. Бірақ айдын иелерінің қуанышы көпке созылмады. Қарымта шабуылға шыққан қонақтар есепті еселеді. Бұл сәтте Антон Дубинин мергендігімен танылды.

Үшінші кезеңде де алған бетінен қайтпаған Вячеслав Беланның шәкірттері есепті ұлғайтты. Бұл сәттерде шеберлігімен көзге түскен Яри Саилио дубльдің авторы атанды. Үш шайба айырмашылығымен ұтылып жатқанына қарамастан жасымаған «Бейбарыс» командасы кездесу аяқталғанша таразы теңестіріп кетті. Бұл сәттерде Павел Акользин мен Эдгарс Бранцис командаластарының қошеметіне бөленді.

Кездесудің негізгі уақытында жеңімпаз анықталмағандықтан, қола жүлдегер овертаймда белгілі болды. Бұл аралықта «Арыстан» командасы сәтті шабуыл ұйымдастырып, кездесуді өз пайдасына шешті. Жеңіс шайбасының авторы Тони Далман. Сонымен 5 кездесу қортындысы бойынша «Бейбарыс» клубының алдын орап кеткен «Арыстан» командасы тұңғыш рет Қазақстан чемпионатының қола жүлдесін ұтып алды.

Самат ҚАНАҒАТОВ