Су тасқынынан үйлері қираған атбасарлықтарға жаңа баспана беріледі. Апат
аймағында болған Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен
Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко тұрғындарды осылай деп
сендірді.
Бүгінде арнайы комиссия 442 су басқан үйдің 247-сін тексеруден
өткізді. Белгілі болғандай, 44 баспана жарамсыз деп танылған. Қазіргі таңда
аймақта су сору, мүлікті алып шығару, азық-түлік жеткізу және зардап
шеккендерге медициналық-психологиялық көмек көрсету жұмыстары атқарылуда.
Еске
салайық, өткен аптада күннің күрт жылынуынан Ақмола облысындағы Атбасар қаласын
топан су басып қалды. Соңғы мәлімет бойынша, 300-ден астам үйді су басты.
Жұрағат БАМАН