$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Самұрық-Қазына» мен «Ардагерлер орталық кеңесі» өзара меморандум жасасты

AstanaTV
14.04.2014ж. 20:00
1087
«Самұрық-Қазына» мен «Ардагерлер орталық кеңесі» өзара меморандум жасасты

«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен «Ардагерлер орталық кеңесі» өзара меморандум жасасты. Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында әріптестікте жұмыс атқармақ. Еске салсақ, 2015 жыл ТМД мемлекеттері бойынша Ардагерлер жылы болып жарияланған. Осы орайда Қазақстанда ауқымды дайындық жұмыстары басталып кетті. Оларды ардагерлер ұйымының Орталық кеңесі қолға алcа, «Самұрық-Қазына» қоры қаржылай қолдап отыр.

Айта өтейік, «Ардагерлер ұйымы» еліміздегі ең ірі қоғамдық бірлестіктердің бірі. Ұйымның 1 миллион 700 мың мүшесі бар. Бірлестік құрамында Ұлы Отан соғысының қатысушылары, тыл еңбеккері, концлагерьлер тұтқындары, сондай-ақ блокада құрбандары мен қаза тапқан жауынгерлердің жарлары бар.

Дархан Қалетаев, «Самұрық-Қазына» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас директоры:

"Ардагерлер қоғамын" қаржыландыру ғана емес, ары қарай бізде 70 жылдыққа байланысты Үкіметтің де болжамдап, қолдап отырған бағдарламасы бар, біз сол бағдарлама бойынша жұмыс жасауға дайынбыз. Бірақ өздеріміз де бөлек мынау қоғаммен бірлесе отырып, жоспар жасауға дайынбыз, жұмыс істеуге мүмкіншілігіміз бар.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА