$498.51 €522.84 ₽4.81
×

СҚО-нда Жайық пен Есіл арнасынан асып кетуі мүмкін

AstanaTV
16.04.2014ж. 10:00
1184
СҚО-нда Жайық пен Есіл арнасынан асып кетуі мүмкін

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында өзендер арнасынан асып, елді мекендерді тағы су басуы мүмкін. Бүгін таңертең ТЖМ осындай ақпарат таратты.

Хабарламада айтылғандай, таяудағы тәуліктерде Жайық, Есіл, Тобыл өзендерінде көктемгі су тасқынының одан әрі өрістей түсуі күтілуде. Ақмола облысының Қалқұтан өзенінде су арнасынан асып кетуі мүмкін. Судың деңгейі күрт көтерілген. Солтүстікте Есілден төнетін қауіп артты, дейді мамандар.

Ал Павлодар облысының шегінде Ертіс өзенінде су деңгейінің көтерілуі одан әрі жалғасуда. Сондықтан, мамандар сақтық шараларын ұмытпауға шақырады.

Илхам ИБРАГИМ