$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Италияда Сильвио Берлускони қоғамдық жұмысқа жегілмек

AstanaTV
16.04.2014ж. 10:00
770
Италияда Сильвио Берлускони қоғамдық жұмысқа жегілмек

Италияның экс-премьері Сильвио Берлускони қоғамдық жұмыстарға жегіледі. Бұрынғы премьер салықтан жалтарғаны үшін осындай жазаға кесілді. Италияның Жоғарғы соты саясаткерді қамауға алуға шешім шығарған, алайда Берлусконидің жасын ескеріп, оны үй қамағына немесе қоғамдық жұмыстарға алмастырған. Экс-премьердің қорғаушылары соңғысын таңдапты.

Еске салайық, 2012 жылдың қазанында Берлускони өзіне тиесілі медиа корпорацияға қатысты салық махинациясы дерегі бойынша сотталған. Іс материалдары бойынша, Берлускони және өзге де айыпталушылар оффшорлы компаниялар арқылы шетелдік фильмдердің трансляция құқықтарын тек қағаз жүзінде қымбат бағаға сатып алып, ал артылған ақшаны саяси мүдделеріне және өз пайдаларына жұмсаған. Осы әрекеті үшін Милан соты экс-премьерді қоғамдық жұмысқа жегумен бірге алдағы алты жылда сайлауға түсу құқығынан айырды. Сондай-ақ, Берлускони Италия Сенатынан шеттетілді.