$447.8 €516.76 ₽5.3
×

Депутаттар ратификациялауға қатысты екі заң жобасын бірінші оқылымда қарайды

Депутаттар ратификациялауға қатысты екі заң жобасын бірінші оқылымда қарайды
Құрылтай

16 қыркүйек күні сағат 10:00-де Құрылтай отырысы өтеді
Депутаттар ратификациялауға қатысты екі заң жобасын бірінші оқылымда қарайды, – деп хабарлайды  Astana TV

– 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қосымша болып табылатын Қазақстанның көрсетілетін қызметтер бойынша өзіндік міндеттемелер тізбесіне өзгерістер;
– Қазақстан мен Сербия үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім.

Сонымен қатар күн тәртібіне Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру мәселесі енгізілді.

Тікелей эфирді Құрылтайдың quryltai.kz ресми сайтынан, YouTube арнасынан және Facebook парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly республикалық телеарналарынан көре аласыздар.

Отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер өткізу жоспарланып отыр:

1.Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі кезінде қабылданған көрсетілетін қызметтер бойынша өзіндік міндеттемелер тізбесіне енгізілетін өзгерістерді ратификациялау мәселесі бойынша; Спикерлер – Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, депутаттар Динара Райханова (жұмыс тобының жетекшісі) және Алмат Әбдікешов;
2.Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру мәселесі бойынша; Спикерлер – депутаттар Айдос Сарым және Тілектес Адамбеков.