$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Астанада алғаш рет балаларды пневмококк инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталады

AstanaTV
17.04.2014ж. 10:00
856
Астанада алғаш рет балаларды пневмококк инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталады

Ұлт болашағы - дені сау ұрпақ. Астанада мамырдан бастап алғаш рет балаларды пневмококк инфекциясына қарсы егу жұмыстары басталады. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылып жатқан иммундау бағдарламасы еліміздің он екі өңірінде қолға алынған.

«Жыл сайын бұл инфекциядан 7500 бала зардап шегеді», - дейді эпидемиологтар. Пневмококк инфекциясының кішкене балаларға ғана емес, ересектерге де қауіпті екенін айтты.

Нұршай Әзімбаева, ҚР ТҚА эпидемиологиялық қадағалау департаментінің бас сарапшысы:

Пневмокок
к жұқпасы өте ауыр жұқпа. Ол көп клиникалық түрлерімен белгіленеді. Оның ішінде ең ауыры бәрімізге белгілі, мына менингит түрінде беріледі. Өйткені, бұл ауру өте ауыр. Және көп жағдайда өлім-жітіммен аяқталатынын бәріміз білеміз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ