Adv pic
$473.22 €506.11 ₽4.9
×

Алматыда «Бәйтерек» холдингі бизнесті қолдауға бөлінген 100 млрд теңгені «Даму» қорына табыс етті

AstanaTV
17.04.2014ж. 20:00
1068
Алматыда «Бәйтерек» холдингі бизнесті қолдауға бөлінген 100 млрд теңгені «Даму» қорына табыс етті

Елбасының тапсырмасына сәйкес алдағы жылдары шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға 100 млрд теңге қарастырылған болатын. Бүгін Алматыда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі осы қомақты қаражатты құжат жүзінде «Даму» қорына табыс етті. Тараптар өзара келісімшартқа қол қойып, мемлекет қаржысының жұмсалу тетіктерімен таныстырды. Бизнесті қолдауға бөлінген қаражатты «Даму» қоры екінші деңгейлі банктерге бөліп береді.

Ең негізгі деген 12 банктің өкілдері де бүгін қаржыны кәсіпкерлерге үлестіру үшін өз жауапкершіліктерін құжат жүзінде бекітті. Алдағы күндері Ұлттық қордан бөлінген қомақты сомма кәсіпкерлерге комиссиясыз әрі төменгі үстеме ақы мөлшерлемелерімен берілмек. «Даму» қоры өз кезегінде несиенің жұмсалуының барлық процедураларын мұқият қадағалайды. Нақты отандық өнім шығаруға бағытталған кәсіпорындар үшін кредиттің көлемі 10 млн АҚШ долларына дейін 10 жылға беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6 пайыздан аспайды.

Қуандық Бішімбаев, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы:

Енді жаңа бағдарламаның шарттары қол жетімді. Он жылға дейін несие алуға мүмкіндік туды. Өз өндірісін дамыту үшін. Және оның пайызы да өте төмен. Небәрі 6 пайызбен кредит алу біздің орта және шағын кәсіпкерлік үшін арман болған. Енді олар осы арманына жетті десе де болады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ