$479.05 €534.57 ₽5.17
×

«Самұрық-Қазына» қоры аула клубтарының жұмысына 50 миллион теңге бөлді

AstanaTV
17.04.2014ж. 20:00
1577
«Самұрық-Қазына» қоры аула клубтарының жұмысына 50 миллион теңге бөлді

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры балалар мен ата-аналарға арналған аула клубтарының жұмысына 50 миллион теңге бөлді. "Аула клубтары - балалар мүддесін көздейтін қозғалыс" атты жоба аясында бүгін Астанада "Замандас" орталығының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа жобаның бір ерекшелігі клубта тек балалар ғана емес, олардың ата-аналары да уақытын тиімді өткізе алады және барлығы тегін.

Айдар Махметов, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры:

"Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры өзінің әлеуметтік жауапкершілігі ретінде ең маңызды әлеуметтік жобаларды қолдайды. Енді осы пилот жобамыз, осы жоба өте жақсы болса, оны әрі қарай іске асыру біздің жобамызда бар.

Бүгіннен бастап Астана қаласы бойынша 3 аула клубы жұмысын бастап кетті. Орталықта спорттан бөлек арт-терапия, жас техник, би және декоративті қолданбалы өнер сынды үйірмелері бар. Қоғамдық қор басшысының айтуынша, келушілер саны күн санап артуда.

Ләззат Алшынова, «Замандас 21» қоғамдық қорының директоры:

Алла жазса, осындай тағы да аула клубтары ашылып, ойлаймыз тек қана Астанада емес, Қазақстанымыздың басқа жерлерінде ашылады деп ойлап отырмыз, сондай мақсатымыз бар.

Азамат АЛДОҢГАРОВ