$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қызылордада сарбаздар судан уланғаны дәлелденді

AstanaTV
18.04.2014ж. 13:00
1027
Қызылордада сарбаздар судан уланғаны дәлелденді

Қызылорда облысы Тұтынушылар құқын қорғау департаменті ішкі іскер сарбаздарының улануына қатысты алдын-ала тұжырымдаманы көп күттіріп, бүгін жариялады.

Анықталғаны, 55/47 әскери бөлімі сарбаздары жаппай дизентерияға сапасыз ауыз судың кесірінен шалдыққан. 13-сәуірде алынған 7 су сынамасы судың құрамы сапасыз екенін көрсеткен. Облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада «жаппай ішек ауруы Қызылжарма ауылы тұрғындарынан табылмағанына қарағанда, дизентерия ошағы бір жерде шоғырланған» деген жорамал келтірілген.

Яғни, жергілікті биліктің дерегінше, инфекция әскери бөлімінің ішкі су жүйесінен ғана тарауы мүмкін. Сарбаздардың жаппай улану дерегі бойынша әскери прокуратура қылмыстық іс қозғады.

Еске салайық, Қызылжарма ауылындағы әскери бөлімде борыш өтеуші 52 сарбаз жексенбіден бері Қызылорда қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түсті.

Есжан
Сыбанбаев, Қызылорда гарнизоны әскери прокуроры:

Алдын ала белгілі болған зертханалық зерттеулер қорытындысына байланысты суда және асханада ішек таяқшалары табылған. Ол бойынша қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қазіргі СЭС-тін қорытындысы бойынша судан бактериялардың көп мөлшерде табылуы және сол сумен жуылған асханадағы ыдыс-аяқ, аспаздың қолынан ішек қоздырғыш таяқшалары табылғаны анықталып отыр.

Шарипа САҚТАПОВА