АҚШ Ираннның бұғаттаған активтерінің
тағы бір бөлігін босатты. Бұл жолы Ислам республикасы 450 миллион долларын кері
қайтарды, деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мари
Харф.
Осылайша, Вашингтон «Алтылықпен»
уағдаласқан келісімшарытын орындап отыр. Осы
аптада Иран шет елдерден 2,65 миллиард доллар көлемінде 5-ші траншын алуы
керек.
Өз кезегінде Иран да қойылған
талаптарды мүлтіксіз орындап келеді. Таяуда ел байытылған уран қорының
жартысыннан астамын жойды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА