Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Даму» қоры кәсіпкерлерге несие алуға кепіл жағынан көмек қолын созбақ

AstanaTV
22.04.2014ж. 10:00
1311
«Даму» қоры кәсіпкерлерге несие алуға кепіл жағынан көмек қолын созбақ

Отандық өнім өндірушілер енді кепілдеме жетіспеген жағдайда «Даму» қорының көмегіне жүгіне алады. Бұл шағын және орта бизнеске ұлттық қордан бөлінген 100 млрд теңгенің арқасында мүмкін болып отыр. Бұл жайында «Даму» қоры басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Ләззат Ибрагимова, «Даму» 
кәсіпкерлікті дамыту қорының төрайымы:

Егерде жоба шағын болса, 300 млн теңгеге дейін, онда біз осы соманың жартысына дейін қаржыландыра аламыз. Ал егер жоба ауқымды болса, мәселен, 1 млрд 850 млн теңгеге, онда Сіз соманың 20%-ын ала аласыздар. Бірақ біз алдын ала өтініш білдірген компаниялардың құжаттарын жіті қадағалаймыз. Жоба аясында банктердің 18 ай ішінде үстемемен несие беру қарастырылған.

Еске салайық, ұлттық қордың шарттары бойынша шағын және орта бизнесті несиелендіру жылдық 6% жарнамен 10 жыл мерзімге дейін беріледі. Қор қызметкерлерінің айтуынша, қазір қаражат коммерциялық банктерге салынған. Оны игеруге 6 ай уақыт беріліп отыр.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА