Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Травматикалық қару: қауіп пе, қауіпсіздік пе?

AstanaTV
18.04.2014ж. 20:00
2136
Травматикалық қару: қауіп пе, қауіпсіздік пе?

Ел аман, жұрт тынышта оқ тиіп жараланғандар, тіпті оққа ұшып өлгендер жайлы ақпараттар құлақсіңді болды. Сөзге келіп қалған ағайын да, арасынан ала мысық жүгіріп өткен дос-жаран да бұрынғыдай бір біріне жұдырық алып жүгірмейді, оқ жаудыруға шақ тұрады. Тіпті бесіктен белі шықпаған жеткіншектер керіссе, мылтық даусы естіліп жатады. 

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мысалы, азамат аялдамада тұрып танысқысы келмеген қыздарды аяғынан атып тастады. Мектепте оқушылардың көзінше азамат пен азаматша бір біріне осы травматикадан оқ жұмсаған.

Сергей Котнов, Қазақстан қару сатушылар қауымдастығының вице-президенті:

Егер осы травматикалық қарумен жасалған заң бұзушылықтарды алсақ, оған баратындардың көбі жастар.

Сонымен, жарақат салатын қару ұстауға тыйым салынбақ. Елдің қолындағасын сатып алуға қазынадан қаржы да бөлінбек. Алайда құны 200 мың теңгеге дейін баратын қаруын жұрт арзанға өткізе қоя ма? Тіркелген травматикалық қарудан атылған оқ қанша адамның өмірін қиды? Расында алаңдатарлық па?

Тараптардың комментарийі ертең 20.30 «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында баяндалады. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ