Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

СІМ "Аңыз адам" журналын қатаң сынға алды

AstanaTV
21.04.2014ж. 20:00
1591
СІМ "Аңыз адам" журналын қатаң сынға алды

"Аңыз адам" журналының бас редакторы басылымның сәуірдегі санына қатысты түсініктеме берді. "Мен Гитлерді дәріптемеймін, мақсатымыз Екінші дүниежүзілік соғыс туралы баяндау болған", - деді Жарылқап Қалыбай. Ал жанжал шығарғандар, оның айтуынша, мақала мазмұнын түсінбеген.

Басылымның Адольф Гитлердің өміріне арнаған саны қоғамда пікірталас туғызды. Сыртқы істер министрлігі осы дерекке орай бүгін мәлімдеме таратты. "Гитлерге арналған журнал миллиондаған адамның намысына тиіп, рухын қорлайды". Қазақстанның сыртқы саясат бойынша мекемесі "Аңыз адам" журналын осылай қатаң сынға алды.

Министрлік таратқан мәлімдемеде былай делінген: "Адамзат тарихындағы ең қанішер адамға арналған журнал шығару - ақылға сыйымсыз әрекет деп есептейміз. Бұл миллиондаған адамның, әсіресе, фашизмге қарсы күресіп, отанын Гитлердің зұлымдық машинасынан қорғаған және майдан даласында опат болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің намысын аяққа таптап, рухын қорлайды".

Бұған қоса баспасөз қызметінің мәлімдемесінде, басылымдағы материалдардың Конституция мен еліміз заңдарына қайшы тұстарын құзырлы органдар зерттеп жатқаны айтылған.

Сыртқы істер министрлігі Ресей елшілігінен келген нотаға дипломатиялық каналдар арқылы жауап бермек. Айта өтейік, Қазақстандағы Ресей елшілігі республика аумағында мұндай басылымның шығуына жол беруге болмайтыны жөнінде наразылық нотасын жолдаған. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА