«Нұр Отан» партиясы қатарындағылар қатаң іріктелуде. Соңғы жарты жыл ішінде
жемқорлық пен парақорлыққа жол берген 25 мың шенді партия қатарынан қуылды. Енді билік партиясы жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты ауыздықтауға
бағытталған ұзақ мерзімді стратегия әзірлемек.
"Бармақ басты, көз қысты
әрекеттер» әсіресе аймақтарда көп етек алғаны байқалады. Сондықтан нұр отандықтар мен жауапты ведомство жетекшілері аймақтық кеңестер
басшыларының басын қосып семинар өткізді.
Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан - 2050 Стратегиясында мемлекет пен
қоғам алдында дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатын қойып отыр. Осы айырықша
межеге абыроймен жетуіміз сыйбайлас жемқорлыққа қарсы ерік-жігер көрсетіп,
халықтың санасына оң әсер ете алуымызбен тікелей байланысты. Бұл - барша
қазақстандықтардың, қоғамдық институттардың аясында бірігіп, ортақ іске
атсалысуын талап етеді.
Оралбай Әбдікәрімов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық ҚК төрағасының бірінші орынбасары:
Жемқорлықпен ұсталынған, пара алған, сондайларды партиядан шығарып жатыр.
Өйткені партия өзін өзі тазартпаса, ол өзінің беделін жоғалтады. Сол үшін ондай
шаралар да керек.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА