Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда көне трамвай жәдігерге айналмақ

AstanaTV
22.04.2014ж. 10:00
908
Павлодарда көне трамвай жәдігерге айналмақ

Әлемдегі ең көне трамвай - Павлодарда. Әлі күнге жолаушы тасымалдап жүрген қоғамдық көлік 43 жыл бұрын Ресейдің Усть-Катаф вагон құрылысы зауытында жасалған. Енді бұл көне техника жылжымалы мұражайға айналмақ.

Трамвай басқармасы өкілдерінің айтуынша, раритет көлік алғашқы қалпына келтіріліп, қайта жасақталады.

Айта кетейік, Павлодарда трамвай қозғалысы 1965-жылы іске қосылған. 15 бағыт бойынша тұрғындарға қызмет көрсетіліп келеді. Бүгінде қолданыстағы 112 вагонның 95% ескірген, - дейді басқарма өкілдері. Дегенмен, жарты ғасырға жуық жолда жүрген жәдігерге деген құрмет ерекше. Жүргізушілер мен қызметкерлер оны дер кезінде жөндеп, сырлап отырады. Борттық нөмірі 53-ші трамвайдың тарихи жәдігер екенін бірнеше белгісі көрсетіп тұр.

Айтуар Жанғазин, Павлодар қалалық трамвай басқармасының бөлім басшысы:

Бар саймандары бар. Ауыстырылған саймандар. Бәрін орын орнына келтіріп, ең бірінші шыққан қалпына келтіретін ойымызда бар.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ