$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жер кодексіне мораторий жарияланды, осы мәселеге орай отставкалар мен тағайындаулар

AstanaTV
07.05.2016ж. 20:00
3446
 Жер кодексіне мораторий жарияланды, осы мәселеге орай отставкалар мен тағайындаулар

Президент «Жерге қатысты заңнаманың кейбір нормаларын 2016 жылдың 31-желтоқсанына дейін қолдануға мораторий енгізу» туралы № 248 Жарлыққа қол қойды. Былай делінген:

1) «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдануға;

2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге;

3) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге мораторий жариялансын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Халыққа ұнамайтын заңның керегі жоқ бізге. Бірақ түсіндіру керек. Оны алып тастағанда, қандай мүшкілдік болатынын. Оны дихандар ғана біледі.

Механизмы и нормы принятого закона не были должным образом широко обсуждены с привлечением общественности. И тревоги, и заботы людей во многом оправданы. 

Сондықтан мен бүгін шешім қабылдадым. Жер кодексінің қоғамдық резонанс тудырған бірқатар нормалары нақты айтқанда, былтырғы енгізілген 4 норманы күшіне енгізуге мораторий жариялаймын. Ендігі жылға дейін. Алдымен егжей -тегжейін қарап, халыққа түсіндіріп, Парламентпен бірге шешейік. Мораторииді не  аламыз, не алмаймыз.

Сонымен, жер сатуға байланысты аймақтарды аралап, «түсіндірме» жұмыстарымен айналысып жүрген Мәжіліс депутаттары Астанаға оралып, вице-премьер Бақытжан Сағынтаев жетекшілік ететін комиссия құрамында «жұмыс істейді».

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ол комиссия, мемлекеттік органдар, қоғамдық органдар, мына шаруаны талқылап, нақты түсіндіріп, жер үдерістерін айқындап, Парламентпен бірге қайтадан қарайтын боламыз. Түсінбей жүрген адамдарды шақыру керек, барлығын. Бұл жұмысты «Нұр Отан» партиясымен бірге оның жанында біріккен демократиялық күштердің коалициясы бар, ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Оған қоғамдық ұйыымдар, бұқаралық ақпарат құралдары тартылу керек. Оны жасырып, қымтыратын ештеңесі жоқ. Бәріне белгілі экономика ғой. 

Екі мемлекеттік орган - Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі Жер кодексіне байланысты жұмысты атқара алмады. 

Дыбыстық және бейнеқыстырма:

Объявляю неполное служебное соответствие, это последнее предупреждение министру национальной экономики Ерболату Досаеву. За эту работу конкретно отвечал твой заместитель Ускенбаев, он отвечал за разработку этого законопроекта, вел работу по принятию и реализации норм, законодательных актов. Освободить его от занимаемой должности, не справился, подвел и тебя, и Правительство.

Ерболат Досаев:

С учетом сложившейся ситуации в обществе и с учетом всех обсуждений, которые происходят, хотел бы попросить вас, Нурсултан Абишевич, принять мою отставку с должности министра национальной экономики.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Досаев один из эффективных министров, но в данном случае я отставку вашу принимаю.

Объявляю неполное служебное соответствие министру сельского хозяйства Асылжану Мамытбекову. Это означает последнее предупреждение.

Не принял активного участия в разработке законопроекта по принципу «моя хата с краю» и даже не разъяснял. Я просто поражаюсь, сельское хозяйство, где происходит? Если нет земли - сельского хозяйства нет. Как получилось Карим Кажимканович, что земля оказалась у другого ведомства, а аграрники оказались вне земли? А где они, в воздухе убирают, пашут? И он теперь ни при чем якобы.

Дәл сол жерде «мені де оставкаға жіберіңіз» демесе де, ертеңіне Асылжан Мамытбеков те кетті... Сонымен, Досаевтың орнына Ұлттық экономика министрі болып «Бәйтерек» ұлттық холдингін басқарып келген 36 жастағы Қуандық Бишімбаев тағайындалды. Ал Мамытбековтің орнына "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов тағайындалды...

Президент халықтың жерден басқа да мәселелер көтеруі мүмкін екенін айтты. «Осы күндері естідік»,- деді. Мысалы, денсаулық сақтау және білім салаларына байланысты. Айтпақшы, білім саласында басталатын реформаларға байланысты кезекті материал дайындадық. Дәлірегі – оқу аптасы 5 күнге көшсе, қандай пәндерді қысқартуға болады, нені мүлдем қысқартпау керек деген. Оны бағдарламының екінші жартысына көре аласыздар.

Президент билік пен халықтың арасында диалогтың болмауын ақпараттық кеңістіктің қожырап кетуімен байланыстырды. Арнайы министрлікті қайта ашуды тапсырды. Ақпараттық кеңістікке, оның ішінде интернет – ресурстар мен әлеуметтік желілерге мониторинг жасап, өткір проблемаларды «түртіп отыру» үшін. Президент қоғамнан «тығылу» тиімсіз жұмыстың басты себебі екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біз экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйымның стандарттарына талпынып, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деген мақсат ұстанып отырмыз. Бұл ұйымдағы, жалпы, дамыған елдердің ең бір жақсы стандарты - бұндай елдердің Үкіметі халық алдына күнде шығады, үкімет мүшелерінің барлығы қоғам алдында құрдай жорғалайды. Ол елдердің министрлері бір мәселе туындай қалса, жедел пікір білдіреді. Ал, бізде қалай? Менің айтарым, брифингке келіп, журналистердің алдында қағазға жазылған мәтінді оқып беру - ақпараттық жұмыс емес. Біздің министрлер брифингтерде журналистерден қашқанда, алдына жан салмайды, қарапайым сұраққа жауап бермейді.

Дос Көшім, саясаттанушы:

Олар халықтың әр түрлі топтары. Сол топтардың сөздерін, пікірлерін жарастыра білетін және соны тыңдай білетін, жүзеге асыра білетін кеңес болуы керек. Екіншіден, оның жариялылығы. Халық көріп отыруы керек. Теледидардан берілсін. Газет-журнал, әлеуметтік желілерде берілсін. Журналистердің қатысу мүмкіндігі болсын. Преидент тамаша айтты, министрлердің журналистерден қашып жүретіні туралы. Дәл сондай болмауы керек. Дұрыстап жеткізбегені де халықты белгілі бір ақпаратсыз қалдырады. Не болмаса, ақпарат дұрыс берілмейді. Тек республикада емес, әрбір облыстарда жасалғаны дұрыс.

Ақпарат және коммуникация министрі болып Президенттің баспасөз хатшысы және кеңесшісі Дәурен Абаев тағайындалды.

Президенттің сөзінің түйіні мынадай:

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы знаем, что есть много людей, которые от него пострадали, потеряв работу или часть доходов. Такие люди есть в любом обществе.

Хочу предупредить всех казахстанцев – быть бдительными, не позволить расшатать нашу стабильность и уважение друг к другу. Со своей стороны, хочу сказать, что мы никому не дадим воспользоваться кризисом, для того чтобы подорвать мир и стабильность в нашем общем доме.

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің бюросы өтіп, Президент жаңа бірінші орынбасарын таныстырды. Мұхтар Құл-Мұхамед.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сауаты жеткілікті, елмен сөйлесе алады.Өзінің ойын тұжырымдай алады. Партияға сол керек. Партияның істейтін шаруасы көп. Партияны нығайта беруіміз керек.