Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шайбалы хоккейден «Братина» кубогында Қарағандының «Сарыарқасы» сүрінбей келеді

AstanaTV
22.04.2014ж. 13:00
843
Шайбалы хоккейден «Братина» кубогында Қарағандының «Сарыарқасы» сүрінбей келеді

Мамыр айының 9-ы мен 25-і аралығында Минск қаласында шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі додаға қатысатын Қазақстан құрамасы қазір дайындық үстінде.

Жуырда белгілі болғандай, қақпашы Виталий Колесник әлем чемпионатына бармайтын болды. Соңғы ақпаратқа сәйкес, хоккейшінің ескі жарақаты сыр берді.

Шайбалы хоккейден «Братина» кубогы жолындағы жарыс жалғасуда. Бұл сында ел намасын қорғап жатқан Қарағандының «Сарыарқа» командасы әзірге сүрінбей келеді. Финалдық бәсекеде Тюмень қаласының «Рубин» клубымен екі кездесу өткізген Душан Грегордың шәкірттері жалпы есепте тең түсті. Қонақта өткен алғашқы ойында 3:1 есебімен есе жібергеніне қарамастан, қазақстандық ұжым қарымта ойында айдын иелерін 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Бұл ойында қақпадан орын алған Владимир Ковач жасындай жарқырап, қақпасына бағытталған 30-дан аса соққына қайтара білді.

Өз кезегінде қарағандылық клубтың шабуылшылары мергендігімен көзге түсті. Алдымен, Кирилл Лебедев пен Илья Антоновский шеберлігімен танылса, артынан «Сарыарқа» командасының сұр мергені Константин Макаров дубльдің авторы атанды. Ендігі екі ойында «Қарағанды Аренада» өтеді. Бұған дейін қатарынан 12 кездесуде ұтылып көрмеген Душан Грегордың шәкірттері бұл ойындардың фавориті.

Естеріңізде болса, «Сарыарқа» командасы өткен жылы да ақтық сында өнер көрсетті. Тартысты бәсекеде қазақстандық ұжым Ресейдің «Торос» клубына жол берген болатын. Биыл енді тағы бір мүмкіндікке ие болып отырған қарағандылық клуб бас жүлдені ұтып алу үшін аянып қалмас.

Тағы бір айта кететін жәйт. Өткен маусымда «Сарыарқа» командасы қатарынан 23 ойында үздік шығып, жоғарғы лиганың рекордын жаңартты. Хоккей мамандардың пайымдауынша, бұл көрсеткішті қайталау әрбір команданың қолынан келе бермейді. Сондықтан, қарағандылық клубтың көрсеткіші мәңгілік болып қалуы әбден мүмкін. «Братина» кубогы қатарынан төрт кездесуде үздік шыққан командаға бұйыратынын мәлім. Әзірге жалпы есеп 1:1.

Самат ҚАНАҒАТОВ

Алдыңғы жаңалық