Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні

AstanaTV
07.05.2016ж. 20:00
2027
Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні

Отан қорғаушылар күніне орай  Президент Ақордаға арнайы шақырып, 15 сардарға генерал шенін тақты және бейбіт күнде жанқиярлықпен көзге түскендерді жоғары наградалармен марапаттады. Ең жоғарғы мемлекеттік награда "Халық қаһарманы" екі адамға тапсырылды. Оның бірі - алдыңғы доңғалағы ашылмай қалған ұшақты сәтті қондырған "Бек Эйрдің" ұшқышы Дмитрий Родин. Бұл елімізде азаматтық авиация пилотының алғаш рет  жоғары марапатқа ие болуы. Борттағы 121 адамның өмірін сақтап қалған командирді халық осы атаққа лайық деп, бірден ұсынған-ды. Сол кезде оны сантехникке теңеген блогер Ғалым Байтук енді не дер екен?

Дмитрий Родин, BC Fokker-100 әуе кемесінің командирі:

От лица всех авиаторов хочу поблагодарить вас. Свой долг перед родиной мы будем выполнять с честью и достоинством. 

Қарағанды облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде жас сарбазды гранатадан денесімен қалқалап қалған Қайрат Үмбетов те "Халық қаһарманы" атанды. Өзі сол кезде ауыр жараланған. Денесінде жарылған гранатаның 31 жарықшағы қалып қойған. Әлі емделіп жүр.

Қайрат Үмбетов, ұлттық ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығының штаб бастығы:

Сіз елге танытқан қазақ елін көзіміздің қарашығындай сақтап,әрі қарай қызметімізді адал атқарамыз.

- Денеңде қанша осколок? 

- 31 осколок.

Батыр жігіттердің арасында батыл қыз Әсем де бар. "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды. Әлия, Мәншүк, Хиуаз апаларының ізбасары  халықаралық сайыстарда мергендігімен көзге түсіп жеңімпаз атанған. Дзюдо мен самбодан спорт шебері. Әскери бөлімдегі негізгі міндеті барлаушы-снайпер.

Әсем Жәкенова, 44736 әскери бөлімінің барлаушы-снайпері:

Зор денсаулық тілеп, бүгінгі мейраммен барлығыңызды құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Ал алдағы дүйсенбі Жеңіс күні.  Батыс қазақстандық Мұрат Жәкібаев Жеңіс мерекесі қарсаңында қарт майдангерлерге арнап кезекті фильмін тарту етті. Ол соғыс тарихы туралы кино түсіруді осыдан он жыл бұрын бастаған еді. «Жеңіс тарихы» атты 9 сериялы деректі фильмде Батыс Қазақстандағы 50 ардагердің екінші дүние жүзілік соғыстағы ерліктері, өмірі кеңінен баяндалады. Осыдан кейін қарт-жауынгерлердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, аңызға айналған қазақтың ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова туралы деректі туындылар түсірді. Жыл сайын азайып бара жатқан  қарияларға деген құрметін осылай білдірген кәсіпкер олардың барлығын да таспаға түсіріп алып қалмақшы. Бұл жолы тұсауы кесілген екі фильмге Отан үшін от кешкен аға ұрпақтың ерлігі мен өр мінезі арқау болған.

Мұрат Жәкібаев, кәсіпкер:

Шетелде демалып жүргенімде бір қариямен таныстым. Жөн сұраса келе оның соғыс ардагері екенін, тіпті неміс Люфтваффесінде ұшақ бомбалаушысы болғанын білдім, ол тастаған бомбалар біздің әскерлерге тиді ғой. Зейнетақысы сол кездің өзінде 2 мың еуро, соғыста жеңілсе де жағдайы біздің қариялардан жақсы, ай сайын осы зейнетақысына шетелге қыдыра алады, шипажайға бару тегін, барлық жағдайы жасалған. Осыдан кейін сол соғыста біз жеңіске жетсек те біздің жауынгерлерге неге құрмет көрсетілмейді деген ойға қалдым. Әрине олардың бәрінің жағдайын жасау мүмкін емес. Дегенмен бізден бір естелік болсын деп оларға арнап фильм түсірмек болдым. Біз қасымыздағы көзі тірі куәгерлердің қадірін білуіміз керек.

Ал Шығыс Қазақстан облысынан соғысқа аттанған 170 мың азаматтың 90 мыңы оралған жоқ. Өскемендіктер облыс орталығынан аттанып, шейіт болған 7 мыңның құрметіне Мәңгілік алау маңында 7 мың шырақ жақты.

Клиптен үзінді

Биыл 150 жылдығы ЮНЕСКО аясында аталып өтеді деген, бірақ рухани әлемді құшырландырып, елең еткізген әлі бірде-бір шара өтпеген...жарайды, дәл қазір талдамай-ақ қоялық,  «Алаш» деген сөздің лұғат мағынасы: «отан кісісі» деп жазған қазақтың  Әлихан Бөкейханының екі ауыз сөзі көп сөзге жауап: Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры. Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой. Амандық болсын!