Шымкентте жасөсіпірім спортшы жарыс
кезінде алған жарақат салдарынан қайтыс болды. Оқыс
оқиға Оңтүстік Қазақстан облысында өтіп жатқан ушу-саньда бойынша чемпионат
кезінде орын алған. 17 жастағы жас спортшы кездесулерінің бірінде жарақат алып,
ауруханаға жеткізілген.
Алайда ол жерде дәрігерлер, баланың
мойын омыртқасы төрт жерден сынғандығын және бұндай жарақат өмірмен
үйлеспейтіндігін айтқан. Ол сәуірдің жиырма
бірінен жиырма екісіне қараған түні жан тәсілім етті.
Жұрағат БАМАН