$474.83 €515.38 ₽5.5
×

Боливия үкіметі әуе кеңістігін жіті қадағалауға алмақ

AstanaTV
24.04.2014ж. 10:00
891
Боливия үкіметі әуе кеңістігін жіті қадағалауға алмақ

Боливиялық әскерилер әуе кеңістігімен есірткі тасымалдайтын ұшақтарды атып түсіру құқығына ие болды. Бұл туралы заңға мемлекет басшысы Эво Моралес қол қойды.

Ел лидері «елдің кейбір аймақтарында есірткі сатушылар кішігірім ұшақтарды қолданатыны» - осы қадамға баруға итермелегенін түсіндірді. Бүгінде боливия билігі әуе кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаппай радарлар сатып алуға көшкен. Бірнеше елмен келіссөздер жүргізілуде.

Бұдан бұрын, боливиялық әскерилер есірткі сатушылардың ұшақтарын тек әуеден жерге қондырып барып құрықтау құқығына ие болатын. Ендігіде заң бұзушылықтарға қарсы әскерилер «Пилатус ПС-7», «Марк Т-33» және «Каракорум К-8» ұшақтарын қолданбақ.

Жұрағат БАМАН