$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Перудегі Убинас жанартауы маңында тұратын халық жаппай эвакуациялануда

AstanaTV
24.04.2014ж. 10:00
1953
Перудегі Убинас жанартауы маңында тұратын халық жаппай эвакуациялануда

Перудегі Убинас жанартауының атқылауы қарсаңында елдің оңтүстігіндегі тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілуде. Бүгінде жанартаудан шыққан күл-тозаң мен улы газдар 4 шақырымға дейін аспанға көтерілген.

Ел биілігінің пайымдауынша, жұртшылықты көшіру науқаны үш күнге созылмақ. Жалпы, Убинас - Перудегі ең белсенді жанартау. Оның биіктігі 5672 метр. Соңғы рет жанартаудың атқылауы 2006 жылы орын алған. Ол кезде адам шығындары болмаған, алайда үй жануарлдары көптеп қырылды.

Қазіргі таңда Перу үкіметі жанартауға жақын аймақтарда төтенше жағдай жариялады.

Жұрағат БАМАН