$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Елбасы «Самұрық-Қазына» трансформациясы бағдарламасын қыркүйек айына дейін аяқтауды тапсырды

AstanaTV
24.04.2014ж. 10:00
820
Елбасы «Самұрық-Қазына» трансформациясы бағдарламасын қыркүйек айына дейін аяқтауды тапсырды

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қорына трансформациялау бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтауды тапсырды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні «Самұрық-Қазына» мемлекеттік әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен кездескен-ді.

Жүздесуде қордың ағымдағы жұмыстарына қатысты мәселелер мен алға қойылған міндеттер, Президенттің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы сөз қозғалды. Елбасы сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының трансформациялау бағдарламасын әзірлеу жұмыстарын қыркүйекке дейін аяқтап, оны қордың корпоративтік органдарында талқылағаннан кейін үкімет қарауына берілуін тапсырды.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев қор қарамағындағы орта және шағын компанияларды сату процесінің барынша әділетті және нарыққа лайықты бағаға сатылуы қажеттігін қадап айтты.

Жұрағат БАМАН