$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Түркия премьері Ердоған Осман империясының армян халқына көрсетілген геноцидті еске алды

AstanaTV
24.04.2014ж. 13:00
1181
Түркия премьері Ердоған Осман империясының армян халқына көрсетілген геноцидті еске алды

Түркия премьері Тайып Ердоған Осман империясындағы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза болған мыңдаған армян ұрпағы алдында бірінші рет көңіл айтты. Бұл туралы Парламентте сөйлеген сөзінде атап өтті.

Оның айтуынша, 1915 жылы болған оқиға адамгершілікке жат екі мемлекетке ортақ қайғы-қасірет. Әрине, бұл көпшілік үшін күтпеген мәлімдеме. Өйткені бұған дейін саясаткер 1,5 миллион армян опат болған соғысты Армения тарапы геноцид деп мойындауды талап еткенде, үн-түнсіз қалған. Тіпті геноцидті мойындамау қылмыс деген Францияның заңын сынға алған.

Премьерге тосын мәлімдеме жасауға түрткі болған оныншы тамызда өтетін президент сайлауы болуы мүмкін. Тайып Ердоған саяси додада бағын сынап көрмекші. Ал жемқорлыққа қатысты соңғы шыққан дау-дамайдан соң, оған ұпай жинау артық етпейтіні анық.

Тайып Реджеп Ердоған, Түркия
премьер-министрі:

Салт-дәстүрі, түбі бір байырғы ұлттар басынан өткен тарихы тауқыметті сеніммен, үмітпен бірігіп еске алу керек деп есептейміз. Біз XX-шы ғасырдың басындағы оқиға кезінде қаза болған армяндар рухы тынышталсын деп ұрпақтарына көңіл айтамыз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ