Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Игорь Финогеновті қабылдады

AstanaTV
24.04.2014ж. 20:00
1032
Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Игорь Финогеновті қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Игорь Финогеновті қабылдады. Кездесуде банктің еліміздегі жұмысының негізгі бағыттары талқыланды. Сондай-ақ 2006 жылы Қазақстан мен Ресейде уәкілетті өкілдігі бекітілген кезден бергі қызметінің аралық қорытындылары шығарылды.

Финогенов Еуразиялық даму банкі Қазақстанда қызметін бастағалы бері ел экономикасына 2 миллиардтан астам доллар қаржы құйғанын айтты. Банктің қатысуымен электр энергетикасы, машина жасау, химия өнеркәсібі, басқа да салаларда 28 жоба іске асты. Қазіргі уақытта тағы 28 жоба қаралып жатыр.

Мемлекет басшысы банк жұмысының көрсеткіштері оның дамуының оң динамикасын көрсететінін атап өтті. Өз кезегінде Игорь Финогенов банктің Қазақстанда жұмыс істеуі үшін жасалған қолайлы жағдайға ризашылығын білдірді. Ол сондай-ақ банк өзінің бағалы қағаздарын саудаға шығарып, Қазақстанның қаржы нарығын дамытуға да қатысуға дайын екенін айтты. 

Жұрағат БАМАН