$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Суға кеткен Көкпектіде жаңа үйлердің құрылысы мамырда басталады

AstanaTV
25.04.2014ж. 10:00
1179
Суға кеткен Көкпектіде жаңа үйлердің құрылысы мамырда басталады

Көкпектідегі жаңа үйлердің құрылысы мамырда басталады. Облыс әкімі Бауыржан Әбдішевтың айтуынша, суға кеткен ауылда 51 жаңа баспана бой көріп, күзге дейін пайдалануға беріледі. Құрылыстың жалпы құны 308 млн теңге. Қаражат облыс әкімдігінің резервінен бөлінеді.

Алайда, кейін бұл шығындар төтенше жағдайға кінәлілерден өндірілуі тиіс деп ескертті әкім Көкпекті тұрғындарымен кездесу барысында. Жиында қалауына қарай ақшалай өтем немесе заттай өтеу жөнінде уағдаластық жасалды. Бірақ, облыс әкімі жеңіл автомобильдер және басқа да көліктер бойынша ешқандай өтем жасалмайды деді. Ал, зардап шеккен шағын кәсіпкерлерге көмек көрсету жөнінде барлық мәселелер толық шешілді, - деді Бауыржан Әбдішев. Бүгінгі таңда Көкпекті тұрғындарына көмекке 245 млн теңгеден астам қаржы келіп түскен.

Еске салсақ, 31 наурызда түнде Көкпекті ауылындағы бөгеттің бұзылуынан 300-ден астам үй суға кетті, 5 адам қаза болды, зардап шеккен 12 адам ауруханаға жеткізілді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА