$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Қарашығанақта мұнай өндіру жыл соңына дейін жанданады

AstanaTV
25.04.2014ж. 10:00
853
Қарашығанақта мұнай өндіру жыл соңына дейін жанданады

Мұнай-газ секторындағы қазақстандық үлес артып келеді. Егер отандық сервистік қызмет көрсету компанияларының үлесі 2010 жылы 45% болса, былтыр 57% жеткен. Орал қаласында өткен "Мұнай-газ секторындағы қызмет көрсету мен машина жасау" аймақтық форумда, облыстық әкімдік осындай ақпарат таратты.

Енді отандық кәсіпорындар «Теңізшевройл» мен Қарашығанақ жобаларын кеңейту ісіне ат салысуы үшін мемлекет көмегін пайдаланып, еңбек өнімділігі арттыруы тиіс. Бүгінде мұнайды жеңіл әдіспен алу дәуірі аяқталған. Енді күрделі технологияларды меңгеріп, химиялық реагенттер мен өзге де арнайы материалдарды қолдануды игеру керек.

Айта кетелік, бүгінгі форум Қазақстан мен Ресейдің ХІ шекаралық әріптестік форумына дайындық іспеттес. Екі елдің мемлекет басшылары қатысатын форум алдағы күзде Атырауда өтеді.

Нұрлан Ноғаев, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

Біздің мекемелердің техникалық және кадр жөніндегі барлық мүмкіншілігі, потенциалы толыққанды бар. Біздің мекемелер алдарына қойған талаптарды, тапсырыстарды жоғары деңгейде орындайтындай мүмкіншілігі бар.

Еркін ҚАРИН