Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мысыр 1 мамырдан бастап туристік визаларының бағасын көтереді

AstanaTV
25.04.2014ж. 13:00
759
Мысыр 1 мамырдан бастап туристік визаларының бағасын көтереді

Мысыр 1 мамырдан бастап туристік визаларының бағасын көтереді. Бұған дейін құны 15 доллар болған виза енді 20 доллар болмақ. Елдің туризм министрлігі:" Бағаның күрт қымбаттауына қарамастан, визаларымыз әлемдегі ең қолжетіміді болып қала береді", - деп мәлімдейді.

Статистикаға жүгінсек, үстіміздегі жылдың қаңтар мен ақпан айлары аралығында елге 1 млн 300 мың турист сапарлаған. Ал 2003 жылы дәл осы мезгіл аралығында көрсеткіш 28 пайызға көп болды. Туристер ағынының азаюы елдегі экономикалық жағдайға байланысты.

Айта өтейік, елде шерулер мен бассыздықтар тыйылар емес. Адам шығыны да бар. Тақтан тайған президент Мұхаммед Мурсидің жақтастары мен қарсыластары билікті бөлісе алмай жатыр. Үкімет елге турист тартудың жүйелі бағдарламасын әзірлеп, барлық амалдарын қарастырып жатыр. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА