$479.05 €534.57 ₽5.17
×

Президент қатысуымен Астананы одан әрі дамыту жөнінде жиын болып өтті

AstanaTV
25.04.2014ж. 20:00
1122
Президент қатысуымен Астананы одан әрі дамыту жөнінде жиын болып өтті

Астана келесі жылы донор қалаға айналады. Шағын және орта бизнестен түскен табыс қала бюджетінің 70%-ын құрап отыр. Бұл туралы бүгін Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жиында мәлім болды.

Әкімнің есебін тыңдап шыққан Президент қала басшылығына тың тапсырмаларды тәптіштеп түсіндірді. Коммуналдық төлем төлеудегі кезекті жоюдан бастап, қоқыс алаңына айналып игерілмей жатқан жер телімдерін қайтаруды қадап айтты. Астананы өмір сүруге жайлы қала ретінде қалыптастыру қажеттігі жан-жақты қаузалды. 

Елорданы одан әрі дамыту жөніндегі жиын шаһардағы беткеұстар сәулет сарайында өтті.

Қазіргі таңда бас қалада 1300 ірі жобаның құрылысы жүріп жатыр. Бәрі бірдей осы опера балет театры секілді сәтімен іске асса, болашақта Астана әсем ғимарат іспетті өзіндік мәдениеті қалыптасқан біртұрат әлемге айналуы тиіс.

Әлбетте сұлу сарай соғу үшін алдымен жер қажет. Қазір Астанада 15 мың гектарды құрайтын 800 жер телімі текке тұр. Дөкейлер бауырына басына алған. Тіпті талай жылдан бері қаңырап бос тұрғандары қаланың қақ ортасында қоқыс алаңына айналып кеткен. Мұндай аумақтарды иесінен сыпырып алып, инвестор тартып игілікке жарату қажеттігін әкімдіктегілерге тағы ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Игерілмей жатқан бұл учаскелер қоқыс жинайтын жерге айналып кеткен. Міне, қараңыздаршы, Сулы жасыл желекте, басқа жерде емес қаланың ортасында, ең өтімді жерде құрылыс жүргізу үшін алынған учаске. Адамдар оның қоқыс жинайтын жер екендігін түсініп, қоқыстарын әкеліп тастайтын болды. Сен соны білесің бе? Бұл барып тұрған бассыздық қой. 

Президент тағы мынадай суреттерді назарға ұсынды. Бұл Астанаға жараспайтын көрініс - қала шетіндегі аудандар. Сөйтіп, ойқы-шойқы жолдарды жөндеуге жауаптылар күмілжитін кез жетті. Өйткені жылда ойылып қалатын Астана көшелеріне тас төсейтін компаниялар белгілі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  

Львиная доля работ почему-то выполняется ограниченным кругом компаний: "АИС Астана", "КазГерСтрой", "Прогресс КЗ". Возникает вопрос - если эти компании так плохо строят, и дороги разрушаются, почему из года в год именно им поручается это строительство? Канат Танатарович, что это любимые твои компании, да?


Қала басшысы тас жолды тез тоздыратын себептерді тізіп шықты. Мәселен, Астанада жылына құрылыс материалдарын таситын 700 жүк көлігі 200 миллион рейс жасайтын көрінеді.

Плюс 6 месяцев зимы, летом 400 тысяч машин. Они шипованные, и эти шипы за зиму, за 6 месяцев срезают 1 сантиметр асфальта. В Европе вообще не применяется шипованная резина. Мы действительно неплохо чистим улицы, у нас асфальт черный, все видно, у нас нет таких проблем, чтобы обязательно надо ездить на шипованной резине.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  

А точно эти шипы снимают слой асфальта? 

- Это доказанные вещи.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  

Тогда вместе решайте и с маслихатом, принимайте решение, если это возможно.


Демек, келесі қыста бұдырлы дөңгелектерге тиым салынуы мүмкін. Бас шаһарда күніне 750 мың адам 900 қоғамдық көлікпен қатынайды. Әкімдік тағы 350 автобус сатып алмақшы. Соңғысы Еуро 4 стандартына сәйкес болмақ. Есесіне бағасы да осал емес.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Вот, французские автобусы Ивеко. 417 тыс долларов за единицу. Других автобусов нет в мире, или как?

-Средняя цена она такая на сегодняшний день в Европе.

-Это средняя цена или эта самая высокая цена?

-Нет, нет. Есть еще выше, мерседесы выше, мы можем такую справку представить.


Ал Астананы ауыз судан тарықтырмас үшін қазір түрлі жобалар қаралып жатыр. Біріншісі Сәтпаев каналы арқылы құбыр тарту құны - 90 миллиард теңге. Екіншісі қолданыстағы су жүйесін жөндеу оған 5,8 миллард қажет. Ал үшіншісін іске асыру үшін үкіметтегілер 370 миллиард теңге қолқалап отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  

С такими министрами государство по миру пойдет без денег. Умерьте аппетиты и обеспечьте рациональное использование объектов.


Президент бас шаһарда күнделікті кездесетін тұрмыстық түйткілдерді де жақсы біледі. Қаржыны қалтасына басып алып түк бітірмейтін пәтер иелері коперативтеріне шағым көп көрінеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  

Маған жазған хаттарда қала тұрғындары мен әкімдіктер осы күнге дейін ПИК-тер жұмысына ықпал ете алмай отырғандығы айтылады. ПИК-тер Астанада жыл сайын 4 млрд теңге жинайды. Алайда үйлердің шатыры мен кіреберістерін жөндеу мәселесіне келгенде, оларда қаржы жетіспей жатады.

Елбасы жиында "ЕХРО-2017" көрмесіне ерекше тоқталды. Уақыт тығыз, жұмыс көп. Мамандар көрме өткізу үшін Астанаға 30 қонақ үй қажет деп отыр. Президент қазір салынып жатқан үйлерді, яғни 400 мың пәтер бастапқыда қонақтарды қарсы алуға қызмет етсе, кейін тұрғын үйге айналдыруды ұсынды. Яғни "ЕХРО"-дан кейін құрылыс нысандары бос қалмайтындай, халық игілігіне жарату қажеттігін атап өтті. Ал әкімдіктегілер келесі есеп бергенше, бірсыпыра тапсырма алып тарқасты.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ