Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Ақтөбе» футбол клубының бюджеті 3 есеге азайды

AstanaTV
28.04.2014ж. 13:00
1020
«Ақтөбе» футбол клубының бюджеті 3 есеге азайды

Ойын өткізуге Ақтөбенің орталық стадионының әлі де болса қауқары жоқ. 2011-ші жылы төселген газон биылғы көктемде тіптен шықпай қалған. Жауын-шашын кедергі келтірмес үшін жасалған суағарлары да жүктелген міндетті атқара алмайды. Маусым басында 1-ші мамырға жоспарланған «Ақтөбе» мен «Қайрат» кездесуін қабылдаймыз деген стадион басшылығы сөздерінен айнып отыр. Футбол сүйер қауымға есіктерін қашан ашары белгісіз.

Қажымұқан Демеуов, Қобыланды батыр атындағы орталық стадион директоры:

Кеше көктемде ашқанда шөп жоқ енді әлі шығара алмай жатырмыз. Белгісіз. Енді осы жетіде ешілетін шығар алмастырамыз ба, бір бөлігін алмастырмаймыз ба. Осы күйінде шілдеге дейін не өсіп қарық болады. Ол белгісіз. Өспей тұр. Жаңа сеуіп тұқым алдық, тыңайтқыш беріп, басқа жағдайдың барлығын жасап жатырмыз. Нашар өсуі.

Алаң дайын болмағанымен, сырт келбетіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 7 млн 400 мың теңге қаражат бөлінді. УЕФА талаптарына сәйкес жұмсақ орындықтар санын көбейтіп, футболшылар бір есіктен шығатын қалқан орнатпақшы. Клубтың түсіне сәйкес, алаң сырты ақ-қызыл түстерге боялады. Бұл жаңашылдықтардың барлығы чемпиондар лигасының ойындары қарсаңында, яғни шілдеге дейін дайын болмақ.

Әзірге батыс қазақстандық аяқ доп шеберлері қосалқы стадионда ойнауда. Қаражаты болса өткен жылдармен салыстырғанда, шамамен 3 есеге азайтылған. Облыстық әкімдік ел біріншілігі мен Еуропа лигаларына қатысу үшін 540 млн теңге бөліп отыр. Команда басшылығы бұл сома маусымды тиісті деңгейде аяқтауға жеткілікті дейді.

Айта өту керек, былтыр аталмыш клубтың қаражаты 1 млрд 612 млн 600 мың теңге болатын.

Шарипа Бихамбетова, «Ақтөбе» ФК директоры:

Еуропаға қатысуға тиістіміз. Шілде айынан басталады. Ол уақыттарда біздің шығынымыз көбейеді. Бірақ ол шығынның мөлшерін мен қазір айта алмаймын. Өйткені ол жеребьевкаға байланысты. Қандай елге барамыз, қандай шығындар болады алда. Соған байланысты егер жетіспей жатырса, біздер ол уақытта өзіміздің есебімізді қағаз жүзінде көрсетіп, заң бойынша қаржы тағы сұраймыз.

Мансұр ЕСҚОЖИН