Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Сайлауға Ресейде жүрген қазақстандықтар да белсене қатысып жатыр

AstanaTV
20.03.2016ж. 20:00
1493
Сайлауға Ресейде жүрген қазақстандықтар да белсене қатысып жатыр

Мәжіліс депутаттарын сайлауға Ресейде жүрген отандастарымыз да белсене қатысып жатыр.Олар үшін 5 сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Мәскеу, Қазан, Санкт-Петербор, Астрахань мен Омбыдағы қандастарымыз таңмен таласа, дауыс беруге келіп жатыр.  Әріптесім Абзал Құрманкин Омбы қаласындағы отандастарымыздың дауыс беру үрдісіне куә болған еді.

Абзал Құрманкин, тілші:

Омбыдағы қазақстандықтар бізді өз белсенділігімен бізді таң қалдырып жатыр. Олар жат мемлекетте жүрсе де, елдің ертеңгі тағдыры үшін дауыс беруде. Мен қазір Қазақстанның консулдығында ашылған 242-ші сайлау учаскесінде тұрмын.

Еліміздің ресми өкілдігі Омбыда 2005 жылы ашылыпты. Көкшетаулық Сағадат Нұрмағанов алғашқылардың бірі болып, дауыс беруге келген. Ол Омбыда тұратын баласына қонаққа келгенін айтады.

Сағадат Нұрмағанов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Осында Омбыда балам университетте оқиды. Соған әдейі келдім. Алдымыздағы сайлау болғасын сайлау учаскесіне барып, есептен шағару талонын алып, осында Омбыда дауыс берейін деп.

Омбыдағы қазақстандықтар тек Парламент Мәжілісінің депутаттарына дауыс береді. Таңертең белсенділік байқалмағанымен, түске таман сайлаушылар ағылып келуде. Бұл жолы сайлау барысында байқауды бақылауға ешкім ынта білдірмеген. Сондықтан бұл сайлау учаскесінде байқаушылар жоқ. 

Максим Споткай, РФ Омбы облысындағы сайлау комиссиясының мүшесі:

Халық өте белсенді. Жастар да өте белсенді. Неге? Өйткені қазіргі таңда бәрі түсінеді ғой, бұл ерекше сайлау екенін, бұл жаңа саяси формасына жол ашқан сайлау екенін.

Ресейдің Омбы облысы біздің Солтүстік Қазақстан облысымен шекаралас болғаннан кейін, бұл өңірлердің арасында барлық салалар бойынша тығыз қарым-қатынас орнаған. Қос аймақтың тұрғындары бір-біріне жиі сапар шегіп отырады. Сондай-ақ, шекаралас аймақтарда жоғары оқу орнында білім алып жүрген қазақстандықтар да аз емес.

Нұрлан Әбдібеков, Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы консулдығы өкілі:

Консулдық тіркеуде 500-ге жуық адам кіреді. Басым бөлігі дауыс беретін. Тағы да Омбы қаласында бес жарым мыңға жуық студент оқиды. Студенттер де келіп дауыс береді бізге.

Абзал Құрманкин, тілші:

Айта кету керек, Омбының уақыты Астана уақытынан еш айырмашылығы жоқ. Мұндағы сайлау учаскесі тәртіп бойынша кешкі сағат сегізде жабылмақ. Артынша сайлау комиссиясының мүшелері бюллютеньдерді санап, дауыс берудің алдын ала нәтижесін шығарады. Ал бюллетеньдердің өзі және сайлауға қатысты басқа да құжаттар Астанаға алдағы сейсенбіде ұшақпен жеткізілмек.