$448.39 €486.91 ₽5.83
×

Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысына қатысуға 600 отандық компания ниетті

AstanaTV
28.04.2014ж. 20:00
846
Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысына қатысуға 600 отандық компания ниетті

Астанадағы "Абу-Даби Плаза" кешенінің құрылысына қатысуға 600 отандық компания ниетті. Ал көкпен таласқан кешеннің өзі Орта Азиядағы ең биік ғимарат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.  

Бұл туралы бүгін құрылыс жобасын таныстырған бас мердігер "Алдар" компаниясының басшысы Әбубәкір Сэддик әл Хури мәлімдеді. Аумағы бес жүз мың шаршы метр кешенде сауда орталығы, бизнес кеңселер, тұрғын үйлер шоғырланады. "Абу-Даби Плаза" Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысында орналаспақ. Ондағы тұрғын үй 75 қабаттан тұрады. Кешеннен "Экспо-қалашыққа" дейін жасыл-желекпен көмкерілген төрт шақырым төте жол салынады. Жалпы жоба құны 1 миллиард доллардан асады. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах